Су добы: Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Су добы: Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

 

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Сингапурде өткен 2023 жылғы Азия чемпионатында қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар үшінші орын ойында Таиландты 18:7 есебімен тізе бүктірді. Кездесуде Мұрат Шәкенов үздік ойыншы атанды.

Қола медаль алған Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты жолдамасына қол жеткізді. Ел құрамасы құрлықтық додада қатарынан екі мәрте үшінші орын алып отыр.

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Филиппинді 19:6, Гонконгты 22:7 есебімен жеңсе, Иранға 14:15 есебімен есе жіберді. Ал ширек финалда Сингапурды 10:7 есебімен тізе бүктірген еді.

Ал жартылай финалда Қытайға 1:10 есебімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или