«Астана» «Челсидің» бұрынғы ойыншысын сатып алмақ болған

«Астана» «Челсидің» бұрынғы ойыншысын сатып алмақ болған

«Астана» футбол клубы «Челсидің» бұрынғы қорғаушысы Джозеф Коллиді сатып алуға тырысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты<span> </span>archysport.com-ға сілтеме жасап.

Футболшы қазір польшалық «Висла» сапында өнер көрсетеді. 

«Астана» Швеция жастар құрамасының 23 жастағы футболшысына ұсыныс жасаған. Бірақ ойыншы бас тартты. Ол мансабын басқа клубта жалғастырады.

Айта кетейік, спортшы 16 жасында лондондық «Челси» академиясының түлегі болды. Төрт маусымда ол Англия жастар кубогын, УЕФА жастар лигасын жеңіп алды. Оның трансферлік құны 100 000 еуроға бағаланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или