Қазақстандық шабуылшы ҚХЛ клубына ауысады

Қазақстандық шабуылшы ҚХЛ клубына ауысады

Championat.com сайтының хабарлауынша, «Барыс» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Антон Сагадеев келесі маусымда мансабын өзге ҚХЛ клубында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Теміртау хоккей мектебінің 29 жастағы түлегі <span>«Сочиге» ауысады</span>.

Антон Сагадеев 2022/2023 жылғы маусымда «Барыс» сапында 66 матчқа қатысып, 16 шайба соқты және 7 нәтижелі пас берді. Клордалық клубтың бомбардирлер тізімінде бесінші орынға жайғасты. 29 жастағы шабуылшы Құрлықтық хоккей лигасында жалпы 340 ойын өткізіп, 80 (42+38) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или