Қазақстандық могулшы Алматыдағы Әлем кубогының 1/8 финалында ұшып кетті

Фристайл-могул мен шаңғы акробатикасынан Алматыдағы Әлем кубогында параллель могулдан жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық могулшы Павел Колмаков жарысты 1/8 финалдан аяқтады.
Ал Аяулым Әміренова (26.86 ұпай) мен Антон Бондарев (71.12 ұпай) іріктеуден өте алмады.
Еске салайық, Павел Колмаков жекелей могулда күміс медаль иеленген болатын.