Шавкат Рахмоновтың дайындықтары спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болды

Шавкат Рахмонов Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесті. Кездесу барысында министр спортшыны UFC-дегі соңғы жеңісімен құттықтап, оған қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спорт және мәдениет министрі Асқар Оралов Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жектерге дайындығы Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатынын атап өтті.