ҚПЛ: 3-тур ойындарының тікелей трансляциясы
![ҚПЛ: 3-тур ойындарының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_5f27f36d0a4a8fcc60146f5cd97c279d.jpg?v=28701147)
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 3-туры аясында бес кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сағат 19:00-де бірден үш матч басталады: «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» қабылдайды, «Ордабасы» «Жетісумен», «Тобыл» «Шахтермен» кездеседі.
21:00-де «Астана» - «Ақтөбе» және «Қайсар» - «Ақсу» матчтары ойын күнін аяқтайды.
«Қайрат» - «Каспий» және «Астана» - «Ақтөбе» ойындарының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Қалған кездесулерді ҚКФЛ-ТВ арнасынан көруге болады.
19:00 «Ордабасы» - «Жетісу»
19:00 «Тобыл» - «Шахтер»
21:00 «Қайсар» - «Ақсу»
Фото: fcastana