русский язык
ММА

Исмагулов октагонға қашан оралады

Исмагулов октагонға қашан оралады

UFC файтері Дамир Исмагуловтың менеджері Саят Әбдірахманов «Спорт Шредингера» Youtube-арнасына берген сұхбатында клиентінің октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дамир туралы қазірше нақты жаңалық жоқ. Маусым айында жекпе-жек өткізуі мүммкін. Қазір оның топ-15 (UFC рейтингі – ескерт.) тізімде тұрған файтермен кездесетінін ғана болжауға болады», - деді функционер.

Айта кетейік, 2022 жылы 17 желтоқсанда Дамир Исмагулов UFC Vegas 66 турнирінің негізгі жекпе-жегінде өнер көрсетті. Онда ресейлік файтер Арман Царукянға төрешілер шешімімен есе жіберді. Дамиыр жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде 12-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;