ЦСКА «Сочиден» жеңілгеннен кейін бөлмені жинап, хат қалдырып кетті

ЦСКА «Сочиден» жеңілгеннен кейін бөлмені жинап, хат қалдырып кетті

«Сочи» баспасөз қызметі РПЛ 18-турындағы ЦСКА-ға қарсы матчтан кейін киім ауыстыратын бөлменің суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеулік клуб киім ауыстыратын бөлмені жинап, ойыншық ат сыйлаған, сондай-ақ «Мәскеуде жүздескенше!» деп хат қалдырған.

«Киім ауыстыратын бөлмені жинап кеткені үшін ЦСКА-ға құрмет көрсетеміз!» — деп жазылған сочилік клубтың Telegram-арнасында.

Еске салайық, матчта «Сочи» 2:0 есебімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0