русский язык

«Қайрат» «Зениттен» футболшы алды

«Қайрат» «Зениттен» футболшы алды

Жартылай қорғаушы Дмитрий Сергеев «Қайратпен» 2+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Санкт-Петербургте дүниеге келген, Зенит академиясының түлегі. 2017 жылы ол «Зенит» резервтік командасының құрамында дебют жасады, ал 2018 жылдан бастап «Зенит-2» сапында Ресейдің екінші және үшінші дивизионында ойнады.

Сергеев 2021 жылдың екінші жартысын «Балтикада» жалда ойнап, ФНЛ-да 8 матч өткізді. Содан кейін Санкт-Петербургтен клубқа оралды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;