Алтынбеков «Қайсармен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Қызылордалық «Қайсар» клуб түлегі Елжас Алтынбековпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы бұған дейін клуб аңызы Мақсат Байжановқа тиесілі болған №7 нөмірмен өнер көрсетеді.
29 жастағы шабуылшы өткен маусымда 26 ойынға қатысып, 6 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.