русский язык

Александр Седнев: Біз инертті ойнадық, әсіресе бірінші таймда

Александр Седнев: Біз инертті ойнадық, әсіресе бірінші таймда

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Суперкубогының ойынын қорытындылады.

- «Астананы» жеңіспен құттықтаймын. Ойын өте қарқынды өтті, мүмкін кездесуге эстетика жетіспеген болар, әлде ойынға маусымның басталу әсер еткен шығар. Менің ойыншыларым қолдан келгеннің бәрін жасады.

Өкінішке орай, стандартты жағдайлардан жасаған қауіпті сәттер нәтиже бермеді, бұған қарсыластың қақпашысы кінәлі. Екі гол жіберіп алдық – біреуі алыстан жасалған соққының нәтижесі, мұндай гол үшін ұрысу дұрыс емес, ал екіншісі – абайсыздан жасалған фол. Қарсылас допты иеленді, бірақ мен біздің командаға көп қысым көрсетілген жоқ деген пікірдемін.

Біз өзіміз инертті ойнадық, әсіресе бірінші таймда. Екінші таймда ойын ашылды, бірақ біз ештеңе істей алмадық. Енді чемпионатқа дайындаламыз.

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;