Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Канадада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы канадалық Квебекте 2010 жылға дейінгі спортшылар арасындағы халықаралық турнирде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандық команда 1960 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және бір кездері Уэйн Грецки мен Марио Лемье сынды әлемдік хоккей жұлдыздары қатысқан мұндай беделді турнирге тарихта алғаш рет қатысты.
Қазақстан құрамасы турнирде бірде-бір матчта жеңілмей, әлемнің 23 елінен келген 60 команданың арасынан үздік атанды.
Команданың ресми серіктесі - Jusan Bank.