Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының финалына шықты

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өткен әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 84,10 балл жинап, сегізінші орынға ие болды.
Аяна Жолдас 18-ші нәтижені көрсетті. Бұл оның шешуші раундқа өтуіне жол бермеді.