Биатлоннан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы эстафетада мәреге жете алмады

Бүгін Оберхоф қаласында (Германия) өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында 4х7,5 шақырымдық ерлер эстафетасы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Сергей Сирик қорғады. Біздің команда мәреге жете алмады, спортшылар көшбасшыдан бір айналым қалып қойып, жарысты жалғастырмады.
Әлем чемпионаты. Биатлон. Эстафета. 4x7,5 км. Ерлер
1. Франция – 1:21:48.8 (0+2, 1+7, 1+9)
2. Норвегия +38.8 (0+5, 2+9, 2+14)
3. Швеция +1:39.9 (0+7, 1+6, 1+13)
Қазақстан LAP
Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі