UFC Vegas 69 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді

UFC Vegas 69 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді

19 ақпанға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Vegas 69 турнирінде өнер көрсететін спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақта бұрынғы UFC чемпионы бразилиялық Джессика Андраде америкалық Эрин Бланчфилдпен кездеседі. Андраде таразыда 56,24 кг, Бланчфилд – 56,92 кг көрсетті.

Негізгі жекпе-жекте америкалық Джордан Райт пен Зак Пауга кездеседі. Райттың салмағы 92,53 келі болса, Пауга 93,21 келі көрсетті.

Турнирде жеңіліп көрмеген ресейлік Хусейн Асхабов жекпе-жек өткізеді, оның қарсыласы америкалық Джамалл Эммерс болмақ. Асхабов қарсыласынан ауыр болып шықты – 66,22 келі, ал америкалық – 65,77 келі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или