«Қарсылас бар»: Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жаңа жекпе-жегін жариялады

«Қарсылас бар»: Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жаңа жекпе-жегін жариялады

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Instagram парақшасында UFC-дегі жаңа жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қарсылас бар, кездесу бар! Алға!», — деп жазды инстаграмда «Жако».

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов UFC аясында алты жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жетіп, бесеуінде жеңілген.

Қазақстандық бұған дейінгі жекпе-жегін америкалық Чарльз Джонсонға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. Сол кездесуден кейін Жалғас бұдан былай жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді.

Бірақ біздің басылымға берген сұхбатында файтер мансабын әлі аяқтамайтынын растады, өйткені оның UFC-мен келісім-шарты бойынша тағы бір жекпе-жек қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или