Қазақстандық файтер Israel World Combat Championship турниріде өнер көрсетеді
9 наурызда Израильдің Тель-Авив қаласында Israel World Combat Championship лигасының алғашқы турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірінде қазақстандық боксшы Ілияс «Bad Boy» Садықов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы жеңілмеген израильдік Ели Аронов (6-0) болады.
Турнирдің басты жекпе-жегінде аты аңызға айналған Антонио «Бигфут» Сильва израильдік Хаим Газалимен кездеседі.
Садықов пен Ароновтың жекпе-жегі BRAVE лигасының турнирі аясында өтуі керек еді, бірақ азиялық лига турнирді Израильде өткізу туралы шешімінен бас тартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или