Алматыдағы OCTAGON 41 турнирінде қазақстандық қос файтер кездеседі

Алматыдағы OCTAGON 41 турнирінде қазақстандық қос файтер кездеседі

OCTAGON лигасы 19 ақпанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін O41 турнирінде өнер көрсететін тағы бір жұпты жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

90 келіге дейінгі аралық салмақта қазақстандық қос файтер Нұрғиса Үмбетов пен Ермахан Қадырбайұлы кездеседі. Бұл олардың ММА-дағы дебюті болмақ.

Айта кетейік, атақты отандық файтер Георгий «Рыцарь» Кичигин (26-10) Bellator лигасында өнер көрсеткен бразилиялық Тьяго Оливейрамен (17-8) кездеседі.

Кештің басты жекпе-жегінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).

Турнирге билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или