Георгий Кичигин Bellator-дың бұрынғы файтерімен Алматыда жекпе-жек өткізеді
Аралас жекпе-жектен Алматыда өтетін OCTAGON 41 турнирінің негізгі жекпе-жегінің қатысушыларын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте Fight Nights Global промоушенінің бұрынғы чемпионы Георгий Кичигин (26-10) бразилиялық бұрынғы Bellator файтері Тиаго Оливейрамен (17-8) октогонда кездеседі.
Еске салайық, өткен жылдың қараша айында OCTAGON-дағы дебюттік жекпе-жегінде Кичигин тағы бір бразилиялық Алессандро Хассемді (7-4) ұтып, содан кейін дивизионның қазіргі чемпионы, жеңіліске ұшырамаған Магомед Магомедовті (11-0) шайқасқа шақырған еді.
19 ақпандағы жекпе-жек кешінің шарықтау шегі жеңіл салмақта «Қазақ сехудосы» Дамир Төленов (8-0) пен тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодилоев (5-0) арасындағы титулдық кездесу болмақ.