Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Азия және Европа рейтингісінде жоғарғы орындарға көтерілді
Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуропа рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға жайғасты. Михаил Мищенко 114-інші, Роберт Каминский 139-сатыда тұр.
Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан - 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді.
Азия рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан бұрынғыша көш бастауда.
Қыздардан бес қазақстандық ТОП-10-ға кірді. Сафина Сафиулина - 2, Ариана Гогулина - 4, Даная Аманғажиева - 7, Полина Слепцова - 8 және Еркежан Жаңатаева 9-орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или