UFC 284 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді
Қазақстан уақыты бойынша 12 ақпан күні таңертең Пертте (Австралия) өтетін UFC 284 турниріне қатысатын спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар таразыда мынадай нәтиже көрсетті:
Басты кард
Кештің басты жекпе-жегі, жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жек: Ислам Махачев (70,3 кг) vs Александр Волкановски (70,08 кг)
Жартылай жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жек:: Яир Родригес (65,77 кг) vs Джош Эмметт (65,77 кг)
Жартылай орта салмақ: Джек Делла Маддалена (77,56 кг) vs Рэнди Браун (77,56 кг)
Ауыр салмақ: Джастин Тафа (120,65 кг) vs Паркер Портер (119,74 кг)
Жартылай ауыр салмақ: Джим Крут (92,75 кг) vs Алонзо Менфилд (93,44 кг)
Прелим
Жартылай ауыр салмақ: Тайсон Педро (93,44 кг) vs Модестас Букаускас (93,44 кг)
Жартылай жеңіл салмақ: Джош Кулибао (66,22 кг) vs Мелсик Багдасарян (66,22 кг)
Ең жеңіл салмақ: Шеннон Росс (56,92 кг) vs Клейдсон Родригес (57,6 кг)*
Жеңіл салмақ: Джейми Малларки (70,3 кг) vs Франсиско Прадо (70,08 кг)
Алғашқы прелим
Жартылай жеңіл салмақ: Джек Дженкинс (65,99 кг) vs Дон Шайнис (66,22 кг)
Қыздар арасындағы ең төменгі салмақ: Лома Локбунми (52,38 кг) vs Элис Рид (52,38 кг)
Жартылай жеңіл салмақ: Шейн Янг (65,99 кг) vs Блэйк Билдер (66,22 кг)
Жеңіл салмақ: Зубайра Тухугов (71,44 кг)** vs Элвес Бреннер (70,53 кг).
* Клейдсон Родригес ең жеңіл салмақ шегін орындай алмады және гонорардың 20 пайызын қарсыласына береді.
** Зубайра Тухугов жеңіл салмақ шегін орындай алмады және гонорардың 20 пайызын қарсыласына береді.