Қазақстан чемпионаты: 20-аптаның үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан чемпионаты: 20-аптаның үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан хоккей федерациясы хоккейден Қазақстан чемпионаты 20-аптасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған кезеңнің үздік ойыншысы атағы «Горняк» хоккейшісі Данила Платоновқа бұйырды. Өткен аптада «Горняк» сырт алаңда «Ақтөбені» екі рет жеңді (4:3 ОТ және 6:4), соның арқасында команда бес жылда алғаш рет Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бірінші матчта Платонов есепті теңестіріп, команданың қосымша уақытта жеңіске жетуіне көмектесті. Екінші кездесуде Данила жеңіс шайбасын соқты. Жалпы, өткен аптада хоккейші 5 (2+3) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или