Қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті

Қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы Софияда шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2018 жылғы әлем чемпионатында ІІ дивизионның В тобында Жаңа Зеландия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар қарсыластар қақпасына жеті гол соғып, біреу ғана өткізіп алды.

Жеңімпаздар арасында София Зубкова покер авторы атанды, Мадианна Нүсіпова өз есебіне дубль жазды.

Екі турдан кейін 6 ұпаймен Қазақстан құрамасы турнирлік кестені жалғыз өзі бастап келеді. 29 қаңтарда Мария Федоренконың шәкірттері Бельгиямен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или