Қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.
Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или