OCTAGON 42 турнирінде көптен күткен титулды жекпе-жек өтеді
Еуразиялық жекпе-жек промоушеннің баспасөз қызметі наурызда өтетін OCTAGON 42 турнирінің басты жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымның жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы атағын жеңіліп көрмеген қазақстандық Самат Мамедов (5-0) пен өзбекстандық Достон Бозоров (7-1) сарапқа салады.
Турнир 4 наурызда Өзбекстан астанасында өтеді.
Айта кетейік, мерейтойлық ивент – O40 Бішкекте 5 ақпанда өтеді деп жоспарланған. Қырғызстанда өтетін жекпе-жек кешінің негізгі жекпе-жегінде промоушеннің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Шермұрат Қалилов (5-0) өнер көрсетсе, оның қарсыласы бразилиялық Лукас Бенто (7-3) болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или