Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатына қатысатын тізімі жарияланды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатына қатысатын тізімі жарияланды

Өскеменде хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл оқу-жаттығу жиынына негізгі құрамға енген хоккейшілер шақырылды. 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Болгарияның София қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты екінші дивизионның «В» тобындағы матчтар өтеді. Біздің құрама Исландия, Жаңа Зеландия, Болгария, Бельгия және Эстониямен бір топта «А» тобының жолдамасын сарапқа салады.

Жаттықтырушылар штабы алдағы чемпионатқа 21 ойыншы шақырды – 3 қақпашы және 18 алаңдағы хоккейші.

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Ақтөбе»), Кира Прицкер («Жұлдыз», Алматы)

Қорғаушылар: Амина Маратханкызы, Вероника Халикова (бәрі - «Жұлдыз», Алматы), Катрин Мескини, Полина Яковлева, Дарья Хохлова (бәрі – «Торпедо», Өскемен), Медина Кишекеева («Ақтөбе»), Нұрайым Серікқызы («Астана», Астана)

Шабуылшылар: Кристина Войцицкая, Кира Крухольская (екеуі де - «ПСО», Екібастұз), Алина Жакулина, Анна Климова (екеуі де -«Юность-Грация», Қарағанды), Алина Животовская, Мадианна Нусупова, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (бәрі - «Жұлдыз», Алматы), София Зубкова («Ястребы», Сәтпаев), Ветта Пивень («Торпедо», Өскемен).

Жаттықтырушылар штабы:
Бас бапкер – Мария Федоренко
Бапкер – Наталья Яковчук
Қақпашылар бапкері - Дарья Дмитриева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или