Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ербол Хамитов парабиатлоннан 7,5 шақырым қашықтықты 25:07,3 секундта бағындырып, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста канадалық Кэмерон Коллин 24:14,3 секундта бірінші орынды иеленсе, екінші орынды 24:54,4 секундта америкалық Арон Пикет алды.

Қазақстан құрамында 7 спортшы бар: Герлиц Александр, Хамитов Ербол, Петренко Денис, Усольцев Сергей, Березин Юрий, Зинов Денис және Алимов Нұрлан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или