Теннис

Australian Open: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Australian Open: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Свентекті ұтып, мансабында алғаш рет Australian Open-2023 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасады.

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші Кори Гауфф (АҚШ) - Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0