Томасов «Астанамен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Томасов «Астанамен» келісімшарт мерзімін ұзартты

«Астана» футбол клубы хорватиялық шабуылшы Марин Томасовпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Томасов «Астана» сапында 6 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Осы аралықта ол 190 матчқа қатысып, 90 гол соқты және 75 нәтижелі пас берді. Томасов клуб тарихындағы ең нәтижелі ойыншы саналады.

Хорватиялық ойыншымен жаңа келісімшарт бір жыл мерзімге жасалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или