Универсиада: Шорт-трекші Яна Хан 500 метрге жарыста 4-орын алды

Лейк-Плэсидтегі (АҚШ) Қысқы Универсиадада шорт-тректен әйелдер арасында 500 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық шорт-трекші Яна Хан А финалында өнер көрсетіп, төртінші орынға ие болды (44.951).
Универсиада-2023. Шорт трек. 500 м. Әйелдер
1. Чхве Мин Джон (Корея) - 44.050
2. Ичао Ван (Қытай) +0.518
3. Пак Джи Юн (Корея) +0.673
4. Яна Хан (Қазақстан) +0.901.