Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидте өтіп жатқан Универсиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы (Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов) аралас эстафетада 2:47,757 нәтиже көрсетті.
Универсиада-2023. Аралас эстафета.
1. Франция - 2:50.946
2. Қазақстан - 2:47.757
3. Жапония - 2:48.561.