«Астана» Лебонды қаншаға сатқаны белгілі болды

«Астана» Лебонды қаншаға сатқаны белгілі болды

«Астана» франциялық жартылай қорғаушысы Килан Лебонды «Нефтчиге» қаншаға сатқаны белгілі болды. Бұл туралы SportInfo жазды.

Ресми ақпаратта 25 жастағы ойыншы қос тараптың өзара келісімі бойынша командадан кеткені айтылған. Алайда дереккөздің жазуынша, «Нефтчи» футболшы үшін қазақстандық командаға 100 мың доллар төлеген.

Килан «Астанаға» 2022 жылы тамызда ауысып келіп, командамен бірге Қазақстан чемпионатында топ жарды. Команда сапында 13 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или