Хоккей

«Барыс» сырт айдында «Тракторды» жеңді

«Барыс» сырт айдында «Тракторды» жеңді

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында сырт айдында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команда «Трактормен» күш сынасып, овертаймда жеңді. Үшінші кезеңнің екінші минутында Антон Сагадеев шайба соқты. Бір минуттан соң Александр Борисевич қонақтарды алға шығарды. Бірақ ойын соңына айдын иелері таразы басын теңестіре алды. Дегенмен овертаймда Никита Михайлис шайба салып, елордалық командаға жеңіс сыйлады.

«Трактор» - «Барыс» — 2:3 ОТ (0:0, 1:0, 1:2, 0:1)

Шайбалар:
1:0 — 38:06 Горюнов-Рольгизер (Калинин). 
1:1 — 41:13 Сагадеев (Ножье, Михайлис). 
1:2 — 42:05 Борисевич (Михайлис, Грант).
2:2 — 47:14 Хэмилтон (Ткачев, Тертышный). 
2:3 — 63:36 Михайлис.  

Қақпашылар: Мыльников — Гудачек

Еске салайық, «Барыс» 21 қаңтарда сырт айдында екатеринбургтік «Автомобилистпен» кездеседі.

фото: hcbarys
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0