Хоккей

Қазақстандық команда «Kazan Hockey Cup» әуесқойлар турниріне қатысады

Татарстан астанасында ислам елдері мен Татарстан Республикасы командалары арасындағы «Kazan Hockey Cup» әуесқойлар турнирі өтеді. Турнирге барлығы 12 команда қатысады.

Қазақстан намысын халықаралық турнирде В тобында өнер көрсететін «Өскемен» командасы қорғайды. Қарсыластары Түркіменстан, Қырғызстан және Татарстан командалары болады.

Команда құрамына бұрынғы кәсіпқой хоккейшілер, сонымен қатар Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары кірді:

Қақпашылар: Сергей Вербицкий, Владислав Нурек

Қорғаушылар: Евгений Мазунин, Темирлан Құрсақбаев, Ернур Хасенов, Евгений Фадеев, Сергей Мирошниченко

Шабуылшылар: Ерлан Можанов, Талғат Жайлауов, Омар Жақсылык, Серик Шидеринов, Алексей Самусенко, Жан Сембіғазыев, Вадим Рифель, Алмас Тілеубаев, Александр Вологодский, Максим Худяков, Андрей Огородников

Бас бапкер – Андрей Райский

Бапкер – Ерлан Елтаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0