Қысқы

Қысқы Универсиада: Қазақстандық екі мәнерлеп сырғанаушы сайысқа түсті

Қысқы Универсиада: Қазақстандық екі мәнерлеп сырғанаушы сайысқа түсті

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада мәнерлеп сырғанаудың қысқа бағдарламасы бойынша ерлер арасында екі қазақстандық спортшы сынға түсті, деп хабарлайды Prosportskz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сайыс барысында ел құрамасынан Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама бойынша 75,05 балл жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Қазақстандық тағы бір спортшы Диас Жиренбаев 60.89 баллмен 16-орынға жайғасты.

Осылайша екеуі де еркін бағдарлама бойынша сайысқа қатысуға мүмкіндік алды.

Қысқа бағдарлама бойынша жапониялық үш спортшы Сота Ямамото (101,32), Тацуя Цубои (84,48) және Шун Сато (84,43) үздік үштікте тұр.

Еске салсақ, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынап жатыр.

Олардың 6-ы мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ, шайбалы хоккейден Қазақстан студенттен құрамасы алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетті.

Фото: instagram.com/qaz.iceteam

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0