Қатарына Роналдуды тартып алған арабтар енді Мессиге ұсыныс жасап жатыр

Қатарына Роналдуды тартып алған арабтар енді Мессиге ұсыныс жасап жатыр
Сауд Арабиясының футбол әлемі тағы бір МЕГА жұлдызбен толығуы мүмкін. 2022 жылғы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы, Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Криштиану Роналду өнер көрсететін әл-Насыр клубының басты бәсекелесі - әл-Хилалға келуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Mundo Deportivo сайтының мәліметінше, Азиядағы әйгілі клубтардың бірі - «әл-Хилал» өз қатарына француздық «ПСЖ» және Аргентина құрамасының форвардын тартуға ниетті. Саудиялықтар 2022 жылғы мундиалдың ең үздік ойыншысына жылына 300 миллион доллар жалақы ұсынуға дайын. Сауд Арабиясы чемпионатында әл-Хилал өзінің басты бәсекелесі әл-Насырдың алдын осылайша орап өткісі келеді. Бірақ, кейбіреулердің пікірінше, Мессиді тарту - бұл, ең алдымен, өңірде футбол спортын насихаттау, одан кейін 2030 жылғы Әлем чемпионатында оған қол жеткізу үшін осылайша қам жасау.

Лионель Мессидің париждіктермен арадағы келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады және ол өз мансабын қайда жалғастыратынын әлі жариялаған жоқ. Ал «ПСЖ» онымен арадағы келісімшартты ұзартуға ниетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0