«Qazsport» ХХХ Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы көрсетеді

«Qazsport» ХХХ Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы көрсетеді

12-22 қаңтар аралығында Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтеді. Әлемдік додаға 50 елден 1 443 атлет (832 ер, 611 әйел) қатыспақшы. Студенттер спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Халықаралық жарыста Қазақстан намысын 78 спортшы қорғайды.

Бұған дейінгі Универсиадаларда Қазақстандық студенттердің озық нәтижесі 2017 жылы Алматыдағы бәсекеде тіркелді. Өз еліміздегі жарыста 11 алтын, 8 күміс пен 17 қола (барлығы 36) медальмен Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алған еді.

ХХХ Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың трансляция кестесі «Qazsport» телеарнасының әлеуметтік желілеріне күнделікті жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или