Қысқы

Қысқы универсиадада шорт-трек, коньки спорты және мәнерлеп сырғанаудан кімдер қатысатыны белгілі болды

Қысқы универсиадада шорт-трек, коньки спорты және мәнерлеп сырғанаудан кімдер қатысатыны белгілі болды

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында 12 қаңтарда жалауын көтеретін Қысқы универсиадада шорт-трек, коньки спорты және мәнерлеп сырғанаудан қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шорт-тректен құрамға 12 спортшы енгізілген. Олардың қатарында Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұқанов, Антон Хван, Санжар Жанысов, Валерий Клименко, Әлішер Абулкатимов, Яна Хван, Алёна Волковитская, Әлия Әмірғалиева, Мәлика Ермек, Зейнеп Кұмарқан, Алина Әжғалиева бар.

Ал коньки спортынан алты спортшыға сенім артамыз. Еліміздің атынан жарыс жолына Мақсат Мұқаев, Бақдәулет Сағатов, Андрей Зуев, Маргарита Артемьева, Инесса Шумекова, Арина Ильященко шығады.

Сондай- ақ, мәнерлеп сырғанауда Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Ясмин Текик, Русалина Шакрова, Гаухар Наурызова, Бойсангур Датиев ел намысын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0