«Астана» қазақстандық жартылай қорғаушымен қоштасты

«Астана» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Юрий Перцухпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Юрий елордалық клубқа 2017 жылдың күзінде ауысқан. Перцух команда сапындағы дебютін 2018 жылы наурызда «Қайратқа» қарсы Қазақстан Суперкубогы матчында өткізді.
Перцух «Астана» сапында жалпы 70 матчқа қатысып, 6 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Ол командамен бірге екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или