русский язык
Қысқы

Қазақстандық шаңғышылар «Тур де Ски» спринт жарысында іріктеуден өте алмады

Қазақстандық шаңғышылар «Тур де Ски» спринт жарысында іріктеуден өте алмады

Қазақстандық шаңғышылар Валь-ди-Фьемедегі «Тур де Скидің» бесінші кезеңінде классикалық стильдегі спринт жарысының іріктеу кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олжас Климин мәреге 42-болып келді. Виталий Пухкало 51, Наиль Башмаков 56-орын алды. Қазақстан өкілдерінің ешқайсысы іріктеуден өте алмады.

Тур де Ски. Бесінші кезең. Іріктеу. Спринт. Классикалық стиль. 1,2 км. Ерлер

1. Йоханнес Хесфлот Клебо (Норвегия) – 2:37.53
2. Калле Хальварссон (Швеция) +2.94
3. Бен Огден (АҚШ) +3.38
…42. Олжас Климин (Қазақстан) +13.17
…51. Виталий Пухкало (Қазақстан) +15.88
…56. Наиль Башмаков (Қазақстан) +16.51

Фото: Olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;