Қысқы

«Тур де Ски»: Виталий Пухкало 43-орын алды

«Тур де Ски»: Виталий Пухкало 43-орын алды

Валь-Мюстаирде (Швейцария) «Тур де Ски» турнирінің екінші кезеңі аясында классикалық стильде ерлер арасындағы 10 шақырымға із кесу жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шаңғышы Виталий Пухкало бұл қашықтықты 27 минут 58 секундта бағындырып, мәреге 43-болып жетті. Қазақстанның тағы бір өкілі Наиль Башмаков 81, Олжас Климин 82-орын алды.

Шаңғы жарысы. «Тур де Ски», 2-кезең. Із кесу, 10 км. Классикалық стиль. Ерлер

1. Йоханнес Клебо (Норвегия) — 25.55,0.
2. Пол Голберг (Норвегия) — 10,2 секунд кеш.
3. Федерико Пеллегрино (Италия) + 10,2.

... 43. Виталий Пухкало (Қазақстан) +2:03
... Наиль Башмаков (Қазақстан) +3:09
... Олжас Климин (Қазақстан) + 3:09.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0