Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

2023 жылдың 23 қаңтарында Астанада World Athletics Indoor tour сериясының жеңілатлетикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

World Athletics Indoor Tour – бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы. Серия "Гауһар лигасы" үлгісінде жеңіл атлетикалық жабық жарыстардың беделін арттыру мақсатында жасалған. Бұл серия алдыңғы IAAF Indoor Permit Meetings сериясын ауыстырды.

2021 жылы тур жарыстың үш деңгейін ұсынды: алтын, күміс және қола. Astana Meeting жарыстың күміс мәртебесіне ие.

Шетелдік командалардан 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар 12 түрде жарысады. Жарыстың әр түрінде отандық спортшылармен қатар төрт шетелдік спортшы ұсынылады. Әр дисциплинаның жүлде қоры – 4000 доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или