Теннис

Қазақстандық теннисші ATP Challenger маусымы бойынша ерекше марапатқа ие болды

Қазақстандық теннисші ATP Challenger маусымы бойынша ерекше марапатқа ие болды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов ATP Challenger маусымының қорытындысы бойынша жыл жаңалығы ретінде танылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) Т.Скатовты 2022 жылы челленджер турнирлерінде өзін ең жақсы қырынан көрсеткен бес ойыншының қатарына қосты.

Аталған қауымдастықтың ресми сайтынан мәлім еткеніндей, Пармада (Италия) өзінің алғашқы титулын жеңіп алған 21 жастағы Т.Скатов 2022 жылы ATP Challenger Tour жарыстарында чемпион атанған жалғыз қазақстандық болды. Әлемнің 142-ракеткасы финалда осыған дейін тоғыз матчта қатарынан жеңіске жеткен словакиялық Юзек Коваликті ұтты.

Т.Скатов топырақ төсенішіндегі корттарда жақсы өнер көрсетті. Биыл ол Кокимбо, Лиссабон, Брага, Севилья, Розето-делья-Абруцци-2 және Парма челленджер додаларында жартылай финалға дейін жетті. Қыркүйек пен қазанда қазақстандық теннисші 16 ойынның 14-інде жеңіске жетті. Ал Coquimbo Challenger жарысында дүниежүзілік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған, әлемнің 71-ракеткасы Федерико Корианы тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0