16 жастағы Ресей чемпионы Қазақстан азаматтығын алды

16 жастағы Ресей чемпионы Қазақстан азаматтығын алды

16 жастағы ресейлік шаңғышы Александра Скороходова ҚР азаматтығын алып, енді Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі <span>«Спорт Шредингера»</span> Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Александра жақсы нәтиже көрсеткеннен кейін біз оны алдық. 16-17 жасты алатын болсақ, ол осы жастағы ең мықты спортшы. Сондай-ақ біз оны спортшыларымыздың деңгейін көтеру үшін де алдық: мықты болу үшін өзіңнен мықтылармен бірге жаттығу керек. Ол өз карьерасын бізбен жалғастыруды шешті. Қазір бізбен бірге жаттығып, Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді.

Оның болашағы зор, ол Ресейдің абсолют чемпионы. Бізбен бірге ол тамаша нәтиже көрсетті», - деді тау шаңғы спортының бапкері, Алматы жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы Марк Шпарберг.

Бұл туралы Александраның өзі де Инстаграмда жазды:

Халықаралық шаңғы федерациясының сайтында Александра 5 желтоқсаннан бері Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или