«Қайсар» гандбол командасы 12 мәрте чемпион атанды

«Қайсар» гандбол командасы 12 мәрте чемпион атанды

Қызылорда қаласында гандболдан әйелдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Қызылорданың «Қайсар» командасы 12 мәрте чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігінде жүлделі орындарды сарапқа салуға төрт команда мүмкіндік алды.

Жартылай финалда қызылордалық «Қайсар» Өскеменнің «Алтайын», «Шымкент» клубы елордалық «Астананы» жеңіп, бас жүлде үшін таласқа түсті.

Финалда қызылордалық және шымкенттік спортшылар екі ойын өткізді. Алғашқысында «Қайсар» 44:33 есебімен басым түссе, екіншісінде 34:25 есебімен тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или