Футболдан Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы қайтыс болды

Футболдан Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы қайтыс болды

<span>Футболдан Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Джордж Коэн көз жұмды. Ол 83 жаста еді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>Англия құрамасының бұрынғы футболшысы 1939 жылы 22 қазанда өмірге келген. Кәсіби мансабында Джордж Коэн 13 маусым бойы доп тепкен. Оның "Фулхэм" сапында 459 кездесуге қатысқаны белгілі болды. </span>

<span>Оң қапталдың қорғаушысы Англия құрамасы сапында 37 матчқа шыққан және 1966 жылғы Әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Турнирде Джордж Коэн алты матчта ел намысын қорғады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или