«Астана» ВТБ Бірегей лигасында УНИКС-тен жеңіліп қалды

«Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасының тұрақты чемпионатында аясында өз алаңында УНИКС-тен ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуде қонақтар 79:41 есебімен басым түсті.
Жеңімпаздар сапында ең нәтижелі ойыншы атағын америкалық форвард Джален Рейнольдс алды. Ол өз командасына 16 ұпай сыйлады. Ал елордалықтар сапында Дмитрий Гаврилов ең нәтижелі ойыншы болды. Оның еншісінде 11 ұпай бар.
ВТБ Бірегей лигасы. 16-тур
«Астана» — УНИКС 41:79 (11:21, 8:12, 9:24, 13:22)