«Астана» – УНИКС матчының тікелей трансляциясы
22 желтоқсанда «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өз алаңында УНИКС командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 қазанда Татарстан өткен ойында УНИКС елордалық клубты 109:54 есебімен ойсырата ұтқан. Биылғы маусымдағы екінші кездесу алдында қос команда турнирлік кестенің екі басында тұр. Қазандық клуб екінші орында, ал «Астана» соңынан санағанда екінші орында (15 матчта 2 рет қана жеңіске жетті).
«Астана» – УНИКС матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен сағат 19:20-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или