Еуразиялық промоушеннің 2022 жылғы соңғы турнирінің тікелей трансляциясы

Еуразиялық промоушеннің 2022 жылғы соңғы турнирінің тікелей трансляциясы

Бүгін кешке Алматыда Еуразиялық промоушен OCTAGON 38 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ММА жанкүйерлері жекпе-жекті тамашалай алады. Басты шайқаста жеңіл салмақта  Бекзат Алмахан (13-1) бразилиялық қарсыласы Дженилто Матоспен жұдырықтасады.

Сондай-ақ алдағы шоу аясында жеңіл салмақтағы OCTAGON чемпионы Мәжит Сардаров, белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар, UFC-дегі тұңғыш қазақ Жұмабек Тұрсын және алыс-жақын шетелдерден келген басқа да танымал файтерлер өнер көрсетеді.

Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталып, OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасында қолжетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или