Қазақстан құрамасы қорғаушысы «Адмиралда» қанша жалақы алады
«Спорт-Экспресс» басылымы «Адмирал» ойыншыларының қанша жалақы алатынын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Адмирал» хоккейшілерге жалпы 333 миллион рубль жалақы төлейді.
Аталған клубта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Леонид Метальников бір маусымда 9 миллион рубль алады.
Айта кетейік, Метальников «Адмирал» сапында 2021-2022 жылғы маусымынан бері ойнап келеді. Биылғы чемпионатта ол 34 кездесуге қатысып, 2 (0+2) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или